Футбол
23 қаңтар 15:49
 

"Челси" 16 жастағы қазақты клубына алмақ: жас талант жолдастық матчте жеңіс голын салды

  Пікірлер

blog.share

"Челси" 16 жастағы қазақты клубына алмақ: жас талант жолдастық матчте жеңіс голын салды ©Metaratings

"Қайрат" футбол клубы Алматыда Бішкектің "Дордой" командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды massaget.kz

blog.share

"Қайрат" футбол клубы Алматыда Бішкектің "Дордой" командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды massaget.kz

Ойында бірінші болып қырғызстандық команда гол соқты. 9-минутта Суйунтбек Мамыралиев командасын алға шығарды. Араға 2 минут сала Жоао Пауло есепті теңестірді. 

84-минутта Дастан Сәтпаев гол соғып, "Қайрат" жанкүйерлерін қуантты. Араға бірер минут сала команданың жаңа ойыншысы Жоржиньо үшінші голды соқты. 

Жас ойыншыға англиялық көз тігіп отыр

Айта кетейік, 16 жастағы Дастан Сәтпаев жуық арада Англияның "Челси" командасына ауысуы мүмкін. Ағылшындық клуб жуық арада ресми түрде хабарлайды деп күтілуде. Кей ақпараттар бойынша, келісім жасалғаннан кейін Дастан 18 жасқа дейін "Қайратта" ойнай тұратын болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!