"Зенит" клубының экс-бас бапкері чехиялық Властимил Петржела шешуші ойындарда өз құрамасының қай командамен кездескенін қалайтынын айтты.
"Өтпелі шешуші ойнайтын барлық құрама мықты. Шынымды айтсам, менің елімнің жігіттері Ресей командасымен кездескенін қалаймын. Негізі екі ұжымның деңгейлері шамалас. Қай құрама өз алаңында ойнаса, сол команда фаворит болатыны сөзсіз", - дейді Петржела СЭ басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, ӘЧ-2022 турнирінің іріктеуінен өте алмай, бірақ, қорытынды оындар арқылы жолдама алуға Ресей, Чехия, Шотландия, Уэльс, Португалия, Италия, Швеция, Польша, Солтүстік Македония және Түркия құрамалары мүмкіндік алды.