Футбол
Кеше 15:12

Чехия - ОАР: ӘЧ-2026 екінші турының матчіне трансляция

©x.com/ceskarepre

Бүгін кешке футболдан әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші турындағы алғашқы матч өтеді деп хабарлайды Vesti.kz.

Атлантада Чехия мен Оңтүстік Африка құрамалары A тобы аясында кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен 21:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан және телеарнаның ресми сайтынан көрсетіледі.

Тікелей трансляция 20:50-де басталады.

Еске салайық, Чехия да, Оңтүстік Африка да алғашқы турда жеңіліске ұшырады. Еуропалықтар Оңтүстік Кореядан 1:2 есебімен жеңілсе, оңтүстік африкалықтар мундиаль иесі Мексикадан (0:2) ұтылды.

Сонымен қатар, Мексика мен Оңтүстік Корея 19 маусым күні таңертең Гвадалахарада кездеседі. Бұл ойында топтың жеке көшбасшысы анықталуы мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport