Футбол
17 маусым 13:05
 

Cерхио Рамос биылғы "Алтын допқа" кім лайық екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Cерхио Рамос биылғы "Алтын допқа" кім лайық екенін айтты ©usspglobal/instagram.com/

"Реалдың" бұрынғы қорғаушысы, қазіргі таңда Мексиканың "Монтеррей" клубында өнер көрсетіп жүрген Серхио Рамос 2025 жылғы "Алтын допты" кімге берерін айтты, - деп жазады Vesti.kz. 

blog.share

"Реалдың" бұрынғы қорғаушысы, қазіргі таңда Мексиканың "Монтеррей" клубында өнер көрсетіп жүрген Серхио Рамос 2025 жылғы "Алтын допты" кімге берерін айтты, - деп жазады Vesti.kz. 

Оның айтуынша, бұл жүлдеге биыл француз Килиан Мбаппе лайық. 

– Мен әрқашан оны Мбаппеге берер едім (күліп). Тек достығымыз үшін емес, ол шынымен де жақсы нәтижелер көрсетті. Бұл – маңызды жүлде, бірақ "Алтын доптың" нақты критерийлері қандай екенін ешкім білмейді... Ол гол соғып жүр, "Алтын бутсаны" жеңіп алды, дегенмен "Реал" кейбір командалар сияқты титулдар жеңіп алмады.

Бұл – жеке марапат, ұжымдық жетістік емес, дегенмен кейбір ойыншылар өз лигаларын, кубоктарын жеңіп алды. Килиан – өте талантты. "Реал" титулдарға толы маусым өткізбесе де, ол керемет деңгейдегі ойыншы екенін дәлелдеді, – дейді Рамос RMC Sport-қа берген сұхбатында.

Өткен маусымда Мбаппе 56 матчқа қатысып, 43 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Мадридтік клубпен қазіргі келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметінше, 26 жастағы футболшының нарықтық құны — 170 миллион еуро.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!