Футбол
9 қазан 2021 15:01

"Біздің кез келген қарсыласты жеңуге шамамыз жетеді". Қазақстан құрамасының қақпашысы Боснияға қарсы кездесу жайлы

©ҚФФ

"Тараз" және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметіне берген сұқбатында 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Босния және Герцеговина құрамасына қарсы өтетін кездесу туралы ойымен бөлісті. 

- Мұхаммеджан, жалпы Босния және Герцеговинаға қарсы кездесуге дайындық қалай өтуде?

- Дайындық жақсы болды. Ойынға алты күн қалғанда жиналдық. Уақытты бос жібермедік. Қарсыласты зерттеп, дайындалдық. 

- Біз бұған дейін Боснияға қарсы сырт алаңда бір кездесу өткіздік. Тең ойнадық. Енді өз алаңымызда бұл қарсыласты жеңе аламыз ба?

- Әрине! Біздің кез-келген қарсыласты жеңуге шамамыз жетеді. Бүгін өз алаңымызда ойнаймыз. Жанкүйерлер да бізді алға жетелейді. Сол үшін де жеңіске жетеміз деп ойлаймын. 

- "Атырауға" қарсы кездесуде сіз пенальти қайтардыңыз. Сол ойыннан кейін сіз басқа командаға ауысады деген ақпарат шықты. Бұл қаншалықты рас?

- Иә, көптеген басылымдар мені "Астанаға" ауысады деп жазып кетті. Бірақ елордалық командадан менімен ешкім байланысқа шықпады. Сондықтан бұл ақпарат жалған. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport