"Біздің футболшылар жүрекпен ойнайды". Ұлттар лигасындағы қарсылас Қазақстанға құрмет туралы

Сурет: UEFA.com
Футболдан Литва құрамасының бас бапкері Вальдас Урбонас Ұлттар лигасын Қазақстанмен ойыннан бастайтынына қатысты пікір білдірді. 

"Бұл матчті асыға күтіп отырмыз. Жаттығу жиынының үш күні өте қарқынды болды. Жеңіске ынталанып отырмыз, дегенмен, қарсыласымызды құрметтейміз. Біздің мақсатымыз топта бірінші болуға барынша тырысу, жоқ дегенде С двивзионынан шығып қалмау. Мачтің көрерменсіз өтетіні бастапқы бес минут қана білінер. Одан кейін бар назар ойынға ауып кетеді. Біздің футболшылар жүрекпен ойнайды", - деп береді шетелдік маманның сөзін ҚФФ. 

Матч 4 қыркүйек Вильнюсте өтеді. Ойынды Qazsport арнасы тікелей кқрсетеді. Трансляцияның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 21:50. Қыркүйектің жетісі Қазақстан құрамасы өз алаңында Беларусь командасымен ойнайды.


Жаңалықтар