Футбол
Кеше 14:43

"Бізді ұтады да, чемпион болады". Холанд ӘЧ-2026 жеңімпазын атады

©x.com/nff_landslag

Норвегия құрамасының және ағылшындық "Манчестер Сити" клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Францияға қарсы матч алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Холанд Франциямен ойын туралы

Норвегиялық шабуылшы плей-офф жолдамасы мерзімінен бұрын қамтамасыз етілгеннен кейін алдағы матчтың өзі үшін аса маңызды емес екенін айтты. Сонымен қатар, ол Франция құрамасын қазіргі мундиальдің басты фавориті деп атады.

"Шынымды айтсам, қазір бұл матч мені аса қызықтырмайды! Біз келесі кезеңге шықтық, бұл – керемет жетістік. Сондықтан бұл ойынға қатты алаңдап отырған жоқпын. Меніңше, олар бізді ұтады және турнирдің чемпионы болады", – деді Холанд.

Топтағы жағдай

Екі турдан кейін Норвегия құрамасының еншісінде алты ұпай бар. Команда әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алып үлгерді және I тобында екінші орында тұр.

Топ көшін дәл сондай алты ұпай жинаған Франция бастап келеді. Француздар қосымша көрсеткіштер бойынша норвегиялықтардан алда.

Осы екі құрама 26 маусым күні өзара кездесіп, I тобындағы бірінші орын иесін анықтайды.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты-2026 АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport