Алматылық "Қайраттың" экс-спорттық дирекоры, бүгінде Тель-Авивтік "Маккабидің" бас бапкері Патрик Ван Лиувен Конференция Лигасының плей-офф кезеңіндегі "Шахтер" клубына қарсы матчы аясында пікір білдірді деп хабарлайды KazFootball.kz сайты Sport1 басылымына сілтеме жасап.
"Ол жақта бізді не күтіп тұрғанын жақсы білеміз. Себебі бұған дейін көп рет болғанмын. Астанаға қарсы ойнағанбыз. Кездесуді бақылауында ұстайтын, жинақы команда", - дейді маман.
Қос ұжым арасындағы алғашқы кездесу 19 тамызда елорда төріндегі "Астана Аренада" өтеді.