"Қайраттың" бас бапкері Алексей Шпилевский команданы "Ордабасымен" ойынға қалай дайындағанын айтты.
Мұның алдындағы турда алматылықтар аутсайдерден ұтылған болатын. Ал кеше үш ұпай жинап, турнир кестесінде бесіншіден үшінші орынға көтерілді. "Қайрат" шымкенттік команданы 25 минутта Вагнер Лав алаңнан қуылғаннан кейін азшылықта қалса да, 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
"Бәрін жеңіспен құттықтаймын! Бүге-шүгесіне дейін айтып жатпай-ақ қояйын. Бүгін шешінетін орында жігіттерге бізді ешкім де, ештеңе де жоя алмайды дедім, ал олар шығып осыны дәлелдеді. Оларды мақтан тұтамын, ойыншылар талап еткеннің бәрін жүз пайызға орындады: тактикалық, физикалық және ментальді тұрғыда да. Олар соңғы кездегі негативке дұрыс әрекет етті.
Енді демалсақ болады, ойынымызбен мақтанып, ал ертең қалыпқа келіп, оңайға түспейтін сырт алаңдағы матчке дайындалу қажет", - деп береді Шпилевскийдің сөзін "Қайраттың" баспасөз қызметі.