"Біз Катарға барғымыз келеді". Украина құрамасының бапкері Қазақстанмен кездесу жайлы
Футболдан Украина құрамасының бас бапкері Александр Петраков 2020 жылы Катар елінде өтетін әлем чемпионатына іріктеу барысында Қазақстан құрамасына қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz порталы.
Футболдан Украина құрамасының бас бапкері Александр Петраков 2020 жылы Катар елінде өтетін әлем чемпионатына іріктеу барысында Қазақстан құрамасына қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz порталы.
- Алдағы ойында Роман Яремчук ойнайды ма?
- Яремчуктың денсаулығы жақсы. Қазір ол жігіттермен бірге жаттығу жасайды. Ол коронавируске қарсы вакцина салғызған соң шамалы температурасы көтерілді.
- Алдағы ойын алдында құраманың бұрынғы бас бапкері Андрей Шевченкомен сөйлесіп, ақылдастыңыз ба?
- Оның бұрынғы командасы менімен жұмыс істейді. Сондықтан күн сайын сөйлесіп тұрамын. Шевченконың өзімен де араласамын. Ал Қазақстан құрамасы туралы менің өз ойым да бар. Киевтегі бірінші ойында көрдім. Қарсылас мықты. Ойын қызықты әрі қиын болайын деп тұр.
- Бірінші ойын тең аяқталғанын білеміз. Енді жауапты кездесудің маңыздылығы қандай?
- Былай айтайын. Украина құрамасы Катарға барғысы келеді. Ал Қазақстан барғысы келе ме, жоқ па білмеймін. Сол үшін алдағы матч біз үшін өте маңызды. Егер бұл кездесуде жеңіліп қалса, топтық шығуымыз қиындайды.
- "Астана-Арена" стадионының жасанды көгалы кедергі болмай ма?
- Мен бұл сұраққа жауап беріп қойғанмын. Егер футболшылар шынында кәсіпқой болса, онда кез-келген алаңда жақсы ойнау керек.
- Қазақстан құрамасының қай футболшыны ерекше атап өте аласыз?
- Бірінші ойында гол соққан Серікжан Мужиковты.
Қазақстан мен Украина құрамалары арасындағы кездесу ертең, 1-қыркүйек күні "Астана-Арена" стадионында өтеді. Ойын 20:00-де басталады.
Жарнама