"Біз жеңіс үшін келдік". "Қайрат" қорғаушысы Израильдегі ойын жайлы

Сурет: KazFootball.kz

Алматылық "Қайрат" қорғаушысы Дино Миканович Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі израильдік "Маккабиге" қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Маккаби" – өте жақсы команда, былтырғы матч есімізде. Қазір қарсылас команданың сапында аздаған өзгеріс болған, дегенмен, онда таныс футболшылар көп, ал шабуылшы Бен-Саараны "Хапоэльде" ойнағаннан бері білеміз. Алайда біз Хайфаға жеңіс үшін келдік. Әрине оңай ойын болмайды, бірақ, біз өзімізге сенімдіміз, біздің де команда жақсы. Әлбетте ары қарай өту мүмкіндігі 50 де 50, бұл футбол, бәрі болуы мүмкін. Біз де құрамымызды күшейттік. Өз алаңымызда қарымта өткізетініміз де жақсы, өз үйіңде ойнаған жағымды ғой. Ал Израильде тиімді нәтижеге жеткіміз келеді", - деп береді Микановичтің сөзін Sport5.co.il.

Еске салайық, "Маккаби" - "Қайрат" ойыны бүгін, 7 шілдеде Хайфада өтеді, басталуы - 23:00. Матчті Qazsport арнасынан тамашалуға болады.

Қарымта кездесу 14 шілде Алматыға белгіленген.