"Біз жақсырақ ойнадық, бірақ...". Израильдік қорғаушы Чемпиондар лигасындағы "Қайратпен" ойын туралы
Израильдік "Маккаби" қорғаушысы Рами Гершон Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі алматылық "Қайратпен" ойынға қатысты пікір білдірді.
Израильдік "Маккаби" қорғаушысы Рами Гершон Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі алматылық "Қайратпен" ойынға қатысты пікір білдірді.
Хайфада өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Қарымта кездесу 14 шілде Алматыда өтеді.
"Көңіліңді түсіреді. Біз жақсырақ ойнадық, бірақ, оларды да бағаламауға болмайды. "Қайрат" - жақсы команда және бүгін оны көрдік. Біз өз мүмкіндігімізге сенеміз, келесі аптада өз міндетімізді орындаймыз.
Ойын тәжірибесінің болмауы? Осынша уақыттан кейін әдетте ұтылып жатады, ал біз жақсы дайындалдық. Жігіттер жақсы ойын көрсетті, алайда, аздап сәттілік жетіспеді", - деп береді Гершонның сөзін Sport5.co.il.
Жарнама