Аргентина құрамасы мен "Интер Майами" командасының ойыншысы Лионель Месси португалдық футболшы Криштиану Роналду жайлы көзқарасын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі футболшы ұзақ жылдар бойы Еуропада басты бәсекелес болды. Қазір Месси АҚШ-та болса, Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында ойнап жүр.
«Мен Криштиануға үлкен құрметпен қараймын әрі оның мансабына тәнтімін — ол не істеді және әлі де жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр. Оның бізбен бәсекелестігі алаңда жүрді… Әрқайсымыз өз командамыз үшін барымызды салуға тырыстық. Барлығы тек алаңда қалатын. Алаңнан тыс біз – қарапайым жігіттерміз. Дос емеспіз, себебі бірге уақыт өткізбейміз, бірақ әрқашан бір-бірімізге үлкен құрметпен қарадық», – деп келтіреді Мессидің сөзін журналист Фабрицио Романо әлеуметтік желіде.
? Leo Messi: “I have a lot of respect and admiration for Cristiano Ronaldo, and for the career he’s had and continues to have. He is still competing at the highest level”.
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) June 20, 2025
“The competition with him was on the pitch… Each of us wanted to do the best for our team. Everything… pic.twitter.com/YedPMhWqlB
Месси мен Роналду талай мәрте алаңда жолыққан, әсіресе Месси "Барселонада", ал Роналду мадридтік "Реалда" ойнаған кезде. Олардың Ла Лигадағы дуэльдері он жыл бойы әлемдік футболдың басты қызықтарының бірі болды.