"Біз бірге күштіміз" - "Қайрат" капитанының ЧЛ іріктеуіндегі екінші раундқа өткеннен кейін жанкүйерлерге айтқаны

Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайрат" капитаны Ғафуржан Сүйімбаев клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Чемпиондар лигасы іріктеуінде "Маккабиге" қарсы өткізген өз алаңындағы ойын оңайға соқпағанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

"Ойын оңайға соқпады, алайда біз өз мүмкіндіктерімізді пайдаланып, жеңіске жете алдық! Мен капитан ретінде әрбір ойыншының атынан барша жанкүйерімізге бізді қолдағаны үшін алғыс айтамын! Сіздер бүгін алаңдағы 12-ші ойыншыдай болдыңыздар, сіздердің қолдау бізге қосымша күш берді. Біз тек бірге мықтымыз! Рахмет!", - дейді Ғафуржан.

 

Еске салайық, кеше Алматыда "Қайрат" қарымта ойында "Маккабиді" 2:0 есебімен ұтып, Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші раундына өтті. Енді алматылық клуб сербиялық "Црвена Звездамен" ойнайды.

Жаңалықтар