Футбол
25 ақпан 2021 13:09
 

"Былық...". Ресейлік қазақ ҚПЛ клубынан қашып кеткен

  Пікірлер

blog.share

"Былық...". Ресейлік қазақ ҚПЛ клубынан қашып кеткен Исламжан Насыров. Сурет: "Оренбург" ФК

Екатеринборлық "Урал" футболшысы Исламжан Насыров "Тұран" (бұрынғы атауы "Арыс") клубынан қашқан. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет телеграм арнасында хабарлады. 

blog.share

Екатеринборлық "Урал" футболшысы Исламжан Насыров "Тұран" (бұрынғы атауы "Арыс") клубынан қашқан. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет телеграм арнасында хабарлады. 

Бастапқыда бәрі жақсы болған көрінеді, Исламжан тіпті матчтердің бірінде гол салған. Алайда сосын заттарын жинап, Түркістан облысының командасынан кетіп қалған. Ал себебін: "Онда былық боп жатыр" деп қысқа қайырған. 

22 жастағы Насыров Орынбор облысында дүниеге келген, ұлты қазақ. Карьерасын новотроицктік "Ност" командасында бастаған.  Өткен маусымда ол "Оренбургтың" негізгі қорғаушысы болды, алайда, оның негізгі командасы "Урал". Оның бұл клубпен келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін жасалған (Transfermarkt мәліметі). 

Еске салайық, "Тұран" ҚПЛ-2021 үміткерлерінің бірі.

Жарнама

Живи спортом!