Франция құрамасы мен ПСЖ клубының бұрынғы ойыншысы Жером Ротен париждік клубтың аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен келісімшартты ұзарту ниетін сынға алды, деп хабарлайды Le10sport.
Оның ойынша, аргентиналық алаңда клуб үшін күш салып жүрген жоқ.
"Меніңше, Меесимен келісімшартты ұзарту - былжырақ. Онымен не үшін келісімді ұзартады, әсіресе иммидж жағынан бұл қисынсыз. Ол клуб үшін, оны ілгерлетуге ешқандай еңбегі жоқ, жанкүйерлерге алғыс айтпайды. Ешқашан жағымды әрекет етуге тырыспайды, ешқандай күш салғысы келмейді", - дейді Ротен.