Футбол
6 қазан 12:56

Бұтынан өткізіп жіберді. Мбаппе інісінің ПСЖ-ға гол соққанына таңданысы видеоға түсіп қалды

©Vietnam.vn

Мадридтік "Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция чемпионатындағы матчта өзінің туған інісі соққан голға ерекше қуанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Килиан Францияның Лига 1 турнирінің 7-турында өткен "Лилль" мен ПСЖ арасындағы матчқа арнайы келді.
Ойынның 85-минутында оның туған інісі Этан Мбаппе гол соғып, есепті 1:1 қылып теңестірді.

Этанның голынан кейін трибунада отырған Килианның қуанышы камераға түсіп қалды. Франциялық жұлдыз "Лилль" жанкүйерлерімен бірге қуанды.

Килиан Мбаппе 2017 жылдан 2024 жылға дейін ПСЖ сапында ойнады. Осы аралықта форвард барлық турнирде 308 матч өткізіп, 256 гол соққан және 110 нәтижелі пас берген. ПСЖ құрамында ол алты рет Франция чемпионы атанды.

Оның інісі Этан Мбаппе да 2017–2024 жылдар аралығында ПСЖ жүйесінде болды. Кейін ол "Лилль" клубына ауысты, ал Килиан мадридтік "Реал" командасына өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport