"Бұтыңа т...п қойдың". Әйгілі маман сұрақ қойған тілшіні жерге қаратты
Португалиялық маман Жозе Моуринью БАҚ өкілдерімен қаһарлана сөйлесуді тоқтатар емес. Бұл жолы баспасөз мәслихаты кезінде ол журналистті "бұтына жіберіп қойдың" деп айыптады, деп хабарлайды Football Italia.

Мауринью үш футболшының қорғаныста болуына қатысты сұраққа жауап берді. Маман сұрақ қойған тілшіні жақсы таныса керек.
"Сенен түйреп жіберер сұрақ күткенмін. Сені кеше радиода тыңдадым, ашулы едің ғой, қатты сын айтып, қатал болдың. Бүгін мынадай жеңіл сұрақ қояды деп ойламадым. Сондықтан менің ойым - радиода суперашулы және суперқатал болдың да, алдыма келіп едің бұтыңа жіберіп қойдың", - деді Мауринью.
A Josè Mourinho non sfugge niente ?#Mourinho | #ASRoma | #SerieA pic.twitter.com/OfsaziBCoA
— Eurosport IT (@Eurosport_IT) April 2, 2022
Еске салайық, Моуринью "Романы" 2021 жылдың шілдесінен бері жаттықтырып келеді. 30 тур қорытындысы бойынша команда А сериясында жетінші орында келеді.
Жарнама