"Бұтымызға т...шып қойдық". Ресей құрамасының шабуылшысы Еуродан шығып қалғанына қатысты

Алексей Миранчук және Артем Дзюба Сурет: FRIEDEMANN VOGEL / Reuters

Футболдан Ресей құрамасының шабылшысы Артем Дзюба Еуропа чемпионатының үшінші турындағы Даниядан ойсырай ұтылғандарына қатысты пікір білдірді. 

Копенгагенде өткен матч 1:4 есебімен аяқталып, Ресей жарыс жолынан шығып қалды. 

"Бірінші кезекте ел алдында осындай ұтылыс үшін кешірім сұрағым келеді. Бәріміз бірге ұтамыз, бірге ұтыламыз. Ойыншылар бірінші кезекте. Бізге бәрін шайнап беріп, толығымен түсіндірді. Бірақ...

Жүз пайызды голдарды сала алмадық. Мынадай деңгейде мұндай кешірілмейді. Олар сәл мүмкіндік шықса болды, сұмдық соққы жасап, гол ұрады. Есеп 2:1 болып, енді үміт пайда болғанда қайтадан өзімізді өлтіріп аламыз. Бізге сенім артқандардың бәрінен кешірім сұрағым келеді, біз кінәліміз.

Ал осыны армандағандар, рахаттаныңдар. Бізді боқтасаңдар болады, сендердікі дұрыс шығар. Ойын атмосферасы керемет, осындайға тырысу қажет, футбол ойнап, осылай жанкүйер болуға. Командадағы ең мықты плеймекер - қақпашы болды. Мынандай деңгейде гол салсаң, ойын құбылып кетеді, есепті арттыру орнына 0:1 болып ұтыла бастаймыз. К...мізге қызықты оқиға тауып аламыз, сондықтан бүгін бұтымызға т...шып қойдық", - дейді Дзюба "Матч ТВ" арнасының эфирінде.