Саудиялық "Әл-Наср" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бірегей көрсеткіштің авторы атанды, деп жазады Vesti.kz.
Ол алты Еуропа чемпионатында ойнаған (2004, 2008, 2012, 2016, 2020, 2024) тарихтағы бірінші футболшы болып отыр.
2024 жылғы Еуропа чемпионатының F тобының бірінші турында португалиялықтар Чехияны ұтты (2:1).
22 маусымда өтетін екінші турда Чехия Түркиямен, ал Португалия Грузиямен ойнайды.