"Бавария" клубының вингері Кингсли Команның Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубына ауысуы бүгін толығымен аяқталады, деп хабарлайды Vesti.kz инсайдер Фабрицио Романоға сілтеме жасап.
29 жастағы франциялық футболшы жұма күні клубпен үш жылдық келісімшартқа қол қойып, "Әл-Насрдың" жаңа ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылады.
Коман - Германияның тоғыз дүркін чемпионы. Ол "Бавария" сапында 339 матч өткізіп, 72 гол соғып, 71 нәтижелі пас берген.
Франция құрамасымен бірге ол 2020/21 жылғы Ұлттар лигасында жеңіске жетіп, Еуро-2016 және 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.
Айта кетейік, "Әл-Наср" клубында португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду да өнер көрсетеді.
Жарнама