Бундеслигадағы бапкер қызметінен қуылды

©vfb.de

"Штутгарт" клубының бас бапкері Пеллегрино Матаррацо қызметінен кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

44 жастағы америкалық маман команданы 2019 жылдың желтоқсан айынан бері жаттықтырып келген еді.

Биылғы маусымда "Штутгарт" 9 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде 17-орынға табан тіреді. Матаррацо ойыншылары әзірге бірде-бір матчта жеңіске жетпеген.

Енді "Штутгарт" Бундеслигадағы келесі кездесуін 15 қазан күні өз алаңында "Бохумға" қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport