"Бундеслигада" ойнаған шабуылшы "Қайраттан" кетеді

©"Қайрат" ФК

28 жастағы германиялық шабуылшы Штрели Мамба алматылық "Қайрат" сапынан кетеді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

"Футболшының "Ганзадағы" жалға алу уақыты бітті. Осыған байланысты "Қайратқа" оралу керек. Алайда Штерли Мамба алматылық клубтан кетпекші. Келісімшарт екі жақтың ортақ келісімі бойынша тоқтатылады. 

Бұл ақпаратты "Қайраттың" бас бапкері Кирилл Кекер растады", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Мамба "Қайрат" сапына 2021 жылы өткен, бірақ, жарты жылдан кейін германиялық "Ганзаға" жалға кетті. Ал алматылық клубпен ол 13 матчке қатысып, екі гол салды және бір нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар