Бундеслигада 17-орында тұрған команда Чемпиондар лигасының финалисін ұтты

14 қыркүйек 2022 05:10
©bayer04.de

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ерекше есеп тіркелді. "Бай Аренада" Мадридтің "Атлетикосын" қабылдаған "Байер" 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

В тобының орталық матчінің алғашқы таймында қарсыластар қақпаға бірде-бір дәл соққы бағыттай алмады. Есесіне үзілістен кейін неміс командасы соңғы минуттарда "матрасшыларды" қыспаққа алып, жауапсыз екі гол соқты.

Леверкузендіктер сапында Роберт Андрих (84-минут) пен Мусса Диаби (87-минут) алаң иелеріне турнирдегі алғашқы жеңісті сыйлады.

Еске салайық, "Байер" Германия біріншілігінде 6 ойыннан кейін 4 ұпаймен 17-орынға жайғасқан. Ал испаниялықтар болса 2013/14, 2015/16 жылдары Чемпиондар лигасының финалына шыққан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport