Бундеслига көшбасшысы "Баварияның" матчінде мүлде күтпеген нәтиже тіркелді

©Sportbox

"Бавария" Германия чемпионатының 14-турында өз алаңында "Кельнді" ұта алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бундеслига көшбасшысы кельндіктерді сөзсіз жеңеді деген сенім болған, алайда матч 1:1 есебімен аяқталды. Тіпті бірінші голды алаң қонақтарынан Эльеса Схири 4-минутта салып тастады. Ал мюнхендіктер есепті тек 90-минутта теңестіре алды, гол авторы Йозуа Киммих. 

Бұл тең ойыннан кейін "Бавария" 36 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынды сақтап қалды, ал "Кельн" 21 баллмен онынышы орында. 

28 қаңтардағы келесі турда "Бавария" өз алаңында "Айнтрахтпен", ал "Кельн" келесі күні "Шалькемен" ойнайды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар