"Бұл трансферге сенбеймін". Агент Ресей құрамасының қақпашысының "Қайртақа" ауысуы жайлы

2 желтоқсан 2021 21:52
©"Химки" ФК

Ресейлік футбол агенті Алексей Сафонов Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Ресей құрамасының қақпашысы Илья Лантратовтың "Қайратқа" ауысуы туралы ойымен бөлісті. Қазіргі уақытта 26 жастағы бағана күзетуші Мәскеу маңындағы "Химки" командасының намысын қорғайды. 

"Лантратовтың "Қайратқа" ауысатынына сенбеймін. Бұл қақпашыға мәскеулік мықты командалар көз тігіп отыр. Ол жоғары деңгейлі қақпашы. Ресей құрамасына да шақырту алып жүр. Үлкен жалақы мен Бердиев себеп болады дейсіз бе? Сонда да бұл трансферге сенбеймін. Әдетте Қазақстан чемпионатына жасы келіп қалған футболшылар барады. Ал Лантратовтың жасы 26-да ғана. 

Басқа қақпашылардан "Қайратқа" кімнің баруы мүмкін? Егер жағдайын жақсы жасайтын болса, Беленов баратын шығар. Қазір оның бір өзі "Уфа" командасын өрге сүйреуде. Қазақстанда ол жақсы ойнап кете алады. Міне, осы жастағы жігіттер Қазақстанға барады", - деді Сафонов. 

Еске салайық, бұған дейін алматылық команда Ресей біріншілігінде ойнайтын қақпашымен келіссөз жүргізіп жатыр деген ақпарат шыққан еді. Ал Лантратов болса осыған дейін "Шинник", "Балтика" және "Факел" командаларының намысын қорғаған. "Химки" сапында ол жалпы 58 кездесуге қатысқан. 

Қараша айында Латратов карьерасында бірінші рет Ресей құрамасына шықрту алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: