"Бұл тіпті біз ұтқан БАТЭ емес". Стойлов Еуропа лигасындағы "Астана" қарсыласына үміт қалдырмады

Станимир Стойлов. Сурет: "Астана" ФК
"Астананың" бұрынғы бас бапкері Станимир Стойлов "Рейтинг букмекеров" порталына берген сұхбатында Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф раундынды қарымтасында белорусьтік БАТЭ командасында жеңіске жетуге үміт жоғын болжады. 

Бірінші матчте "Астана" өз алаңында БАТЭ клубын 3:0 есебімен ұтты. Бұл екі ойынның жеңімпазы Еуропа Лигасының тобында өнер көрсетеді.

"Бірінші ойында да солай есептегенмін, "Астана" өз қарсыласынан мықты. Қазақстан чемпионының іріктелген ойыншылары жоғары деңгейде. Оның үстіне БАТЭ қазір 2016 жылы біз жеңген БАТЭ де емес.

Өз алаңында ірі жеңіске жеткен "Астана" сөзсіз басымдық танытады. Дегенмен қазақстандық командаға алдағы ойынға салмақты қарап, үздік футболшылардан іріктелген мықты құрамды ойнату қажет. Екінші ойында да "Астана" жеңеді деп ойлаймын. Ал БАТЭ клубында ешқандай мүмкіндік жоқ", - дейді Стойлов. 

Қарымта ойын Борисовтегі "Борисов Аренада" өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 23:00. Қазақстанда ойынды QazSport арнасынан тамашалауға болады. Интернеттегі тікелей трансляция мына жерде.

Айта кетейік, 2016 жылы "Астана" Стойловтың жетекшілігімен БАТЭ командасын өз алаңында 2:0 есебімен ұтып, ал қарымтада тең түскен - 2:2.
Жаңалықтар