"Бұл рас". "Барселона" президенті Роналдудың агентімен трансфер жайлы тілдескен

©Sportbox

"Барселона" президенті Жоан Лапорта "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналдудың каталондық клубқа ауысуы жайлы сөз қозғады. 

Лапорта 37 жастағы футболшының агенті Жорже Мендешпен кездескен. "Барселона" Роналдуға былтыр жазда қызығушылық танытқан, алайда, қаржылай қиындықтарға байланысты бұл ойларынан бас тартқан.

"Бұл рас, Мендешпен бірге кешкі ас іштік. Ештеңені жоққа шығармаймын, бұл біздің мүддемізге сай емес. Мендеш не айтқанын нақтыламаймын, онымен әңгімелесу маған әрдайым қызық, ол трансферлік нарықтағы жағдайларды айтады", - деп береді Лапортаның сөзін AS.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport