Бұл ойынмен тоқтап қалуға болмайды. Елдос Ахметов Әзірбайжанға қарсы кездесу туралы ойын айтты

©UEFA

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Елдос Ахметов Ұлттар лигасы Әзірбайжан құрамасына қарсы кездесуден кейін матч туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Арена" стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды. Екі голды да Абат Айымбетов соқты

"Алдымен, барлықтарыңызды жеңіспен құттықтаймын. Дегенмен Бұл ойынмен тоқтап қалуға болмайды. Екі күннен кейін тағы бір матч. Соған дайындалу керекпіз. 

Ал ойынға келетін болсақ, алғаш 20-25 минут өз-өзімізге келе алмадық. Содан кейін еңсе түзеп, өз ойынымызды көрсетуге тырыстық. Сөйтіп, гол соғатын мүмкіндік те болды. Тағы да барлықтарыңызды жеңіспен құттықтаймын", - деді қорғаушы. 

Сондай-ақ, қорғаушы үзіліс кезінде қандай ескерту жасағанын айтты. 

"Иә, үзіліс кезінде бапкер маған ескерту жасады. Бірінші таймнан кейін менде сары қағаз болды. Сол үшін қорғаныстан қателеспей ойнау керектігін айтты", - деді Ахметов. 

Соңында Елдос Ахметов ұзақ уақыттан кейін Қазақстан құрамасына қайта келгеннен соң қандай әсер алғанымен бөлісті. 

"Мен құрама сапында 2-3 жылдай болмадым ғой. Әрине, бұл жолы шақырту алғаныма қуандым. Команда да мені жақсы қабылдады. Ұлттық құрамаға шақырған бапкерге алғыс айтқым келеді", - деп түйіндеді ол. 

Айта кетейік, бұл кездесуден кейін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында өз тобында көш басына шықты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport