"Бұл менің үйім". Месси "Барселонадан" кететіні туралы сыбысты жоққа шығарды

12 қыркүйек 2019 16:46
© Sportbox
"Барселона" капитаны Лионель Месси каталондық клубтан кететіні туралы сыбысты жоққа шығарды, - деп хабарлайды bombardir.ru.

"Барселонадан" кеткім келмейді. Бұл менің үйім. Бірақ менің жеңіске жеткім келеді", - дейді Месси.

Аргентиналық бүкіл карьерасын "Барселонада" өткізіп, командамен бірге 34 трофей иеленеді. Форвардтың каталондық клубпен келісімшарты 2021 жылға дейін есептелген, алайда, футболшы оны әр маусым соңында үзе алады.