Мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы турда "Бенфика" қақпашысы Анатолий Трубин тепкен допты өткізіп алғандарына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Украина құрамасының қақпашысы 90+8-минутта гол соғып, есепті португалиялық команданың пайдасына шешті - 4:2.
"Бүгін көргеніміз - қалыпты жағдай емес. Төртінші гол - бұл масқара, шынын айтқанда, үшінші гол да ештеңе өзгертпеді, тек оларды өткізіп алғанымыз ұят болды. Мұның бәрін түзетуіміз керек, себебі бұған дейін біз үш матчты жақсы деңгейде өткіздік", - деп береді Мбаппенің сөзін AS.
Осы жеңілістен кейін "Реал" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 8 матчта 15 ұпаймен аяқтап, 1/8 финалға тікелей жолдама ала алмады. Ал "Бенфика" керісінше, 9 ұпай жинап, турнирдегі күресін жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.
Аталған матч 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының ең драмалық кездесулерінің бірі атанды. Бұған басты себеп - есеп 3:2 болып тұрған сәтте қақпашы Трубиннің қосымша уақытта соққан голы, ол мадридтік клубтың матчты құтқару үмітін біржола жоқ етті.