Бұл қалай? Мбаппені "қорлағанда" Месси күліп тұрғаны үшін сынға қалды
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұлттық құрама қақпашысы Эмилиано Мартинестің жанында еш әрекетсіз күліп тұрғаны үшін сынға қалды. Голкипер Буэнос-Айрестегі чемпиондық шеру кезінде қолына Килиан Мбаппе бейнелеген қуыршақ ұстап жүрген болатын, деп хабарлайды Daily Star.

Айта кетейік, клубтық деңгейде Месси мен Мбаппе бір команда - ПСЖ-да ойнайды.
Міне бұл туралы әлеуметтік желіде мынандай пікірлер жүр:
"Мартинес осындай қылық істеп тұрғанда Месси неге сонша риза? Келесі маусымда сол командаласымен Чемпиондар лигасында бірге өнер көрсетеді ғой?".
"Мартинес көпшілік алдында Мабаппені мазақ етіп тұр, ал оның командаласы Месси қасында тұрып, мүлде ештеңе істемеді. Бұл артық кету және қасақана".
"Аргентина құрамасының ұятсыз қылығы, ал өкініштісі Месси қасында күліп тұр".
Айта кетейік, Катарда өткен ӘЧ-де сегіз гол салған Мбаппе турнирдің ең мықты бомбардирі атанды. Ал Месси жеті гол соққан.
Жарнама