Еуро-2024 турниріне іріктеу матчінен оралған Қазақстан құрамасының футболшыларын Астанада салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболышларды әуежайда туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және футболышлардың жақындары, туыстары, жанкүйерлер қарсы алды.
Маржықпаев өз атынан футболшыларға алғыс білдірді:
"Барша қазақстандықтарға позитив эмоциялар сыйладыңыздар, футболдан алыс адамдарға да, тіпті жалпы спорттан алыс жандарға. Лайықты ойындарыңмен елдегі футболға деген көзқарасты өзгерттіңіздер және халықаралық аренада Қазақстан имиджін көтердіңіздер. Бүкіл ел ұйықтамай көгілдір экранға телміріп отырды. Жарайсыздар, бүкіл елді айналаңызға жұмылдыра алдыңыздар. Енді мыңдаған балақай сіздерге ұқсағысы келеді, болашақта Қазақстан құрамасында ойнасам дейді. Бәрі үшін алғыс жігіттер!".