Футбол
Бүгін 09:32
 

Бүгін Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Словакиямен ойнайды

  Пікірлер

blog.share

Бүгін Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Словакиямен ойнайды ©ҚФФ

Бүгін, 29 қыркүйекте Қазақстан футбол құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2-туры аясында сырт алаңда Словакия құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 29 қыркүйекте Қазақстан футбол құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2-туры аясында сырт алаңда Словакия құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Словакия - Қазақстан матчын қашан және қайдан көруге болады?

Матчтың бас төрешісі болып хорватиялық Патрик Коларич тағайындалды. Оған отандастары Лука Паич пен Иван Старчевич көмектеседі. Төртінші төрешінің міндетін Иван Вуканчич атқарады. VAR жүйесінің жұмысына Марио Зебец пен төрешінің көмекшісі ретінде тағайындалған Иван Матич жауап береді.

Кездесу Словакияның Кошице қаласындағы "Кошицка футбол арена" стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады.

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар трансляцияны арнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.

Командалар жаңа маусымды қалай бастады?

Еске салайық, Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкер Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен алғашқы кездесуін Фарер аралдарына қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Ал Словакия құрамасы бірінші турда өз алаңында Молдованы 2:0 есебімен ұтты.

2 қазанда өтетін үшінші турда Қазақстан өз алаңында Молдовамен кездеседі. Сол күні Словакия сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!