Бүгін, 30 маусымға қараған түні АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалындағы кезекті ойындар өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Матчтар кестесі (Астана уақытымен)
29 маусым, 22:00
Бразилия – Жапония
Бразилия құрамасы кездесудің фавориті саналғанымен, жапониялықтар оңайлықпен берілмейтіні анық. Хадзимэ Мориясу шәкірттері топтық кезеңде бірде-бір рет жеңілмей, плей-оффқа өз тобында екінші орынмен шықты.
30 маусым, 01:30
Германия – Парагвай
Германия құрамасы үшін бұл матчтың маңызы ерекше. Эквадордан күтпеген жеңілістен кейін сынға қалған немістер енді қателесуге құқы жоқ. Дегенмен, Парагвай да осал қарсылас емес және плей-оффтағы ойындардың мүлде басқа сценариймен өтетіні белгілі.
30 маусым, 06:00
Нидерланд – Марокко
Бұл мундиальда екі команда да әлі жеңілген жоқ. Марокко құрамасы топта Бразилиядан тек қосымша көрсеткіштер бойынша ғана қалып қойды. Сондықтан бұл жұптағы тартыс ең қызықты кездесулердің бірі болмақ.
Аталған матчтардың барлығы Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Жарнама