Бүгін, 13 тамызда қостанайлық "Тобыл" Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчі аясында Белградтың "Партизанымен" өз алаңында ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қостанайдағы кездесу 20:00-де басталады. Матчты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы және арнаның ресми сайты көрсетеді. Трансляция 19:50-де басталады.
Еске салайық, Сербияда өткен алғашқы матчта "Партизан" ірі есеппен жеңіске жетті. Белградтық клуб "Тобылды" 3:0 есебімен ұтты.
Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде испаниялық "Хетафемен" кездеседі. Ал "Партизан" – "Тобыл" қарсыласуында жеңілген команда еурокубоктағы жолын аяқтайды.