Футбол
Бүгін 09:09
 

Бүгін Сәтбаев ойнайтын "Бёрнли" Чемпионшипта 10-тур матчін өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Бүгін Сәтбаев ойнайтын "Бёрнли" Чемпионшипта 10-тур матчін өткізеді ©Х/@imov_1

Бүгін, 14 қазанға қараған түні "Бёрнли" өз алаңында Англия Чемпионшипінің 10-туры аясында "Чарльтон Атлетикпен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 14 қазанға қараған түні "Бёрнли" өз алаңында Англия Чемпионшипінің 10-туры аясында "Чарльтон Атлетикпен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бёрнли" - "Чарльтон" матчын қайдан тамашалауға болады?

Командалар арасындағы кездесу Бёрнли қаласындағы "Тёрф Мур" стадионында өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те басталады.

Матчтың тікелей трансляциясын "Бёрнли" футбол клубының ресми сайтынан ақылы жазылым арқылы көруге болады.

Командалардың турнир кестесіндегі жағдайы

Тоғыз турдан кейін Англия чемпионы атанған "Бёрнли" жеті ұпай жинап, турнир кестесінде 22-орында тұр.

Ал "Чарльтон Атлетиктің" еншісінде 13 ұпай бар. Қонақтар Чемпионшиптің турнир кестесінде 12-сатыға жайғасқан.

Дастан Сәтбаев "Бёрнли" сапында алаңға шыға ма?

Еске салайық, осы маусымда "Бёрнли" сапында лондондық "Челсиден" жалға алынған Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев өнер көрсетіп жүр.

Жақында алматылық "Қайрат" клубының түлегі жарақатынан сауығып, қайтадан алаңға шығуға дайын болды. Өткен турда Сәтбаев екінші таймда алаңға шығып, "Уотфордты" 4:0 есебімен ойсыратуына көмектесті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!