Бүгін, 31 наурызда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series жаңа турнирі аясында екінші матчын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Талғат Байсуфинов жаттықтыратын команда Комор аралдары құрамасымен өз алаңында ойнайды. Кездесу "Астана Арена" стадионында өтеді, ойын Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады. Матчті тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Еске салайық, турнирдің алғашқы турында Қазақстан ұлттық құрамасы Намибияны 2:0 есебімен ұтқан болатын.
FIFA Series, 4-топтағы жағдай:
Қазақстан — 3 ұпай
Намибия — 2 ұпай
Комор аралдары — 1 ұпай.
Жарнама