Бүгін, 31 тамызда футболдан Қазақстан премьер-лигасының 24-туры аясында семейлік "Елімай" өз алаңында алматылық "Қайратпен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Семейде өтетін кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Матчты тікелей эфирде KFF LEAGUE YouTube-арнасынан көруге болады.
Ойынның бас төрешісі болып Александр Затула тағайындалды. Оған Дмитрий Будниченко мен Төребек Жақсылық көмектеседі. Қосалқы төреші - Дмитрий Вишняков. VAR төрешілері - Руслан Сұлтанғалиев пен Дмитрий Быстров. Инспектор - Артем Кучин.
Матч алдында "Қайрат" 48 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр. Ал "Елімай" 32 ұпай жинап, алтыншы сатыда келеді.
Айта кетейік, 24-турдың бұған дейін өткен матчтары мынадай нәтижемен аяқталды:
"Ұлытау" - "Жетісу" - 3:0
"Жеңіс" - "Алтай" - 1:0
"Қайсар" - "Оқжетпес" - 2:3
"Ордабасы" - "Қызылжар" - 3:0
"Ертіс" - "Ақтөбе" - 2:1
"Каспий" - "Тобыл" - 1:0
"Атырау" - "Астана" - 2:3.
Жарнама