Бүгін, 14 қазанда Қазақстан премьер-лигасында (ҚПЛ) екі матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
18-турдың кейінге шегерілген кездесуінде "Ертіс" пен "Астана" кездеседі. Матч елорда уақытымен 15:00-де басталады.
Сондай-ақ 14-тур аясындағы кейінге шегерілген "Атырау" мен "Елімай" арасындағы ойын өтеді. Кездесудің басталу уақыты - 19:00.
Екі матчты да KFF LEAGUE YouTube-арнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сонымен қатар "Ертіс" - "Астана" кездесуін Qazsport телеарнасы көрсетеді.