Бүгін, 20 наурызда Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) үшінші туры аясында төрт матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сағат 15:00-де Петропавл қаласында жергілікті "Кызылжар" мен павлодарлық "Ертіс" кездеседі. 16:00-де Түркістанда "Атырау" мен елордалық "Жеңіс" арасындағы ойын басталады. Бұл кездесуде "мұнайшылар" алаң иесі ретінде өнер көрсетеді.
18:00-де Шымкентте жергілікті "Ордабасы" қызылордалық "Қайсарды" қабылдайды. Ал 19:00-де елордада "Астана" мен костанайлық "Тобыл" өзара мықтыны анықтайды.
Матчтардың тікелей трансляциясы YouTube желісіндегі KFF League арнасында көрсетіледі. Сондай-ақ "Ордабасы" - "Кайсар" ойынын Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.
15:00, Петропавл: "Кызылжар" — "Ертіс"
16:00, Түркістан: "Атырау" — "Жеңіс"
18:00, Шымкент: "Ордабасы" — "Қайсар"
19:00, Астана: "Астана" — "Тобыл"