Бүгін, 3 шілдеде ҚПЛ-2026 чемпионатының 16-туры аясында елордалық "Астана" мен "Жеңіс" командалары кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астана Аренада" өтетін матч Астана уақытымен 19:00-де басталады. Кездесу Qazsport телеарнасынан және KFF League YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазіргі таңда "Астана" 23 ұпаймен ҚПЛ-2026 турнирлік кестесінде бесінші орында тұр. Ал "Жеңіс" 18 ұпай жинап, оныншы сатыда келеді.
Айта кетейік, өткен турда қос команда өзара кездесіп, нәтижелі тең түскен еді - 2:2.
Жарнама