Бүгін, 7 тамызға қараған түні Қостанайдың "Тобыл" клубы Конференция лигасы іріктеу кезеңінің үшінші сатысындағы алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мирослав Ромащенко жаттықтыратын команда Белградта сербиялық "Партизанмен" кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.
Кездесудің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Эфир 23:50-де басталады. Сондай-ақ ойынды телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады.
Қарымта матч 13 тамызда Қостанайда өтеді.
Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Конференция лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде Испанияның "Хетафе" клубымен кездеседі. Ал бұл жұпта жеңілген команда биылғы маусымдағы еурокубоктардағы өнерін аяқтайды.
Жарнама