Футбол
Бүгін 10:02
 

Бүгін Қазақстан Ұлттар лигасында Фарер аралдарымен ойнайды

  Пікірлер

blog.share

Бүгін Қазақстан Ұлттар лигасында Фарер аралдарымен ойнайды ©Vesti.kz/Әлімжан Аманжол

Бүгін, 6 қазанда футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының 4-туры аясында өз алаңында Фарер аралдарының командасымен ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 6 қазанда футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының 4-туры аясында өз алаңында Фарер аралдарының командасымен ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан - Фарер аралдары матчын қайдан және қашан көруге болады?

Кездесуге эстондық төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді. Бас төреші - Кристо Тохвер. Оған қапталда отандастары Сильвер Кыйв пен Сандер Сара көмектеседі. Төртінші төрешінің міндетін Карл Коппель атқарады.

Бейнеқайталау жүйесіне (VAR) тағы бір эстон маманы Марко Лийва жауап береді. Оның көмекшісі болып Юрий Фришер тағайындалды.

Матч Астанадағы "Астана Арена" стадионында өтеді және жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы және арнаның ресми сайты көрсетеді.

Бірінші матчта жеңімпаз анықталған жоқ

Командалар Ұлттар лигасының қазіргі маусымындағы бірінші турында кездескен.

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарындағы сол матчта Нидерланды маманы Джон ван ’т Схиптің бас бапкер жетекшілігімен алғаш рет өнер көрсетті. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Сол матчтағы бір ұпай Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі әзірге жалғыз ұпай болып тұр. Кейінгі екі турда ван ’т Схип шәкірттері Словакия мен Молдова құрамаларынан бірдей 1:2 есебімен ұтылды.

Үш турдан кейін ұлттық құрама топта соңғы, төртінші орында келеді. Ал Фарер аралдары үш ұпаймен бір саты жоғары орналасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!