Футбол
Кеше 10:48

Бүгін Қазақстан Ұлттар лигасы аясында Словакиямен Астанада ойнайды

©ҚФФ

Бүгін, 16 қарашада Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алтыншы тур аясында Словакиямен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч "Астана Арена" стадионында өтеді және Астана уақытымен 20:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Словакия құрамасы топта бірінші орын алып, В лигасына көтерілетінін мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Ал Қазақстан құрамасы С лигасында өнер көрсетуін жалғастырады.

Топтағы басқа командаларға келсек, Молдова Фарер аралдарынан ұтылмаса, екінші орын алып, В лигасына жолдама үшін шешуші матчтарға қатысады. Ал Фарер аралдары Молдованы ұтқан жағдайда екінші орынға көтеріліп, В лигасына өту үшін шешуші матчтарда ойнайды.

С лигасының 3-тобындағы бес турдан кейінгі жағдай:

Словакия – 11 ұпай;
Молдова – 7 ұпай;
Фарер аралдары – 5 ұпай;
Қазақстан – 2 ұпай.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport