Бүгін Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

©

Бүгін футболдан Қазақстан және Әзербайжан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді. Ойын Венгрияның Сомбатхей қаласындағы "Халадаш" стадионында болады. Кездесу 11 маусымда сағат 19:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Құрамалар бұған дейін өзара 11 мәрте кездескен, бұл – рекордтық көрсеткіш. 5 ойында Қазақстан құрамасы, 3 ойында Әзербайжан жеңіске жеткен. 3 кездесуде жеңімпаз анықталмаған.

ФИФА рейтингісінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді.

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады.

Айта кетейік, 7 маусымда Қазақстан құрамасы Арменияға 2:1 есебімен есе жіберген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: