Футбол
Бүгін 09:42

Бүгін "Қайрат" пен "Тобыл" қатысып жатқан еурокубоктардың жеребесі тартылады

©Depositphotos/rafapress

Бүгін, 3 тамызда еурокубоктардың плей-офф кезеңінің жеребесі тартылады. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан "Қайрат" пен "Тобылдың" қарсыластары анықталады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Чемпиондар лигасы

УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Бірінші ойындар 18-19 тамызға, қарымта кездесулер 25-26 тамызға жоспарланған. Матчтардың нақты күні мен басталу уақыты жеребе тартылғаннан кейін белгілі болады.

Қазақстан атынан бұл турнирде алматылық "Қайрат" өнер көрсетіп жатыр. Алматылық клуб бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның "Сутьеска" командасын (2:1, 2:0) жарыс жолынан шығарды.

Екінші кезеңде "Қайрат" Кипрдің "Омониясынан" (0:1, 1:0, пенальти сериясында – 6:5) басым түсті.

Үшінші іріктеу кезеңінде Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Болгарияның "Левски" клубымен кездеседі. Бұл матчтар 4-11 тамыз аралығында өтеді.

Конференциялар лигасы

УЕФА Конференциялар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі Астана уақытымен 17:00-де басталады. Алғашқы кездесулер 20 тамызда, қарымта ойындар 27 тамызда өтеді.

Бұл турнирде Қазақстан намысын Қостанайдың "Тобылы" қорғап жүр. Қостанайлық клуб жарысты екінші іріктеу кезеңінен бастап, Литваның "Паневежис" командасын (1:1, 1:1, пенальти сериясында – 3:2) жеңіп шықты.

Үшінші іріктеу кезеңінде "Тобыл" Сербияның "Партизан" клубымен кездеседі. Бұл матчтар 6-13 тамыз күндері өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport