Бүгін, 27 тамызда алматылық "Қайрат" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчта бельгиялық "Андерлехтпен" кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Брюссельде өтетін кездесу 23:30-да басталады және Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Тікелей трансляция 23:20-да басталады. Сонымен қатар ойынды телеарнаның ресми сайтынан да тікелей эфирде көруге болады.
Еске салайық, Алматыда өткен алғашқы матчта "Қайрат" "Андерлехттен" 0:3 есебімен ұтылған болатын. Осы қарсыласудың жеңімпазы күзде Еуропа лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетеді.
Жеңілген команда еурокубоктағы жорығын Конференция лигасының негізгі кезеңінде жалғастырады.
Еске салайық, алматылық клуб осы маусымдағы еурокубок жолын Чемпиондар лигасынан бастады. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Черногорияның "Сутьескасы" мен Кипрдің "Омониясынан" басым түсті. Алайда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі үшінші раундта болгариялық "Левскиге" есе жіберді.