Футбол
Бүгін 13:39

Бүгін "Қайрат" Конференция лигасы аясында "Мьельбюмен" Алматыда ойнайды

©"Қайрат" ФК

Бүгін, 26 қарашада алматылық "Қайрат" Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші тур аясында швециялық "Мьельбюмен" кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді және жергілікті уақыт бойынша 20:30-да басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында және арнаның ресми сайтында көрсетіледі. Эфир 20:20-да басталады.

Үш турдан кейін "Қайрат" екі ұпай жинап, турнир кестесінде 27-орында тұр. Ал "Мьельбю" жеті ұпаймен тоғызыншы сатыға жайғасқан.

Алматылық клуб бұған дейін сырт алаңда екі рет тең түсті: "Ригамен" (1:1) және "Аталантамен" (1:1). Сондай-ақ өз алаңында "Панатинаикостан" 1:5 есебімен ірі есеппен ұтылды.

2025 жылы Швеция чемпионы атанған "Мьельбю" екі жеңіске жетті. Швециялық клуб Андорраның "Интер Эскальдес" (2:0) және Боснияның "Борац" (2:0) командаларын ұтты. Тағы бір кездесуде сырт алаңда грузиялық "Иберия 1999" командасымен 1:1 есебімен тең түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport