Бүгін, 22 қазанда алматылық "Қайрат" командасы Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур аясында өз алаңында грекиялық "Панатинаикос" клубымен ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыдағы кездесу сағат 19:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Көрестілім сағат 19:20-да басталады.
Еске салайық, алматылық команда бірінші турда сырт алаңда латвиялық "Рига" клубымен 1:1 есебімен тең түсті. Ал "Панатинаикос" өз алаңында босниялық "Борацты" 2:1 есебімен ұтты.
Қазіргі уақытта "Қайраттың" еншісінде бір ұпай бар. Команда турнирдің жалпы кезеңіндегі кестеде 20-орында тұр. Ал "Панатинаикос" 12-орынға жайғасқан.
Айта кетейік, Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда Конференциялар лигасы аясында италиялық "Аталантаға" (сырт алаңда), швециялық "Мьельбюге" (өз алаңында), румыниялық "Университатя Крайоваға" (өз алаңында) және нидерландтық "Твентеге" (сырт алаңда) қарсы да ойнайды.